АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ ЖАНЫНДАҒЫ "SMART AQMOLA" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Бізге жазу
Сіз бізге сұрақ қоя аласыз немесе өз пікіріңізді білдіре аласыз

X

Ақмола облысында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы "Smart Aqmola" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Басты мақсат-Орта мерзімді перспективада сандық технологияларды пайдалану есебінен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың принципті жаңа траекториясына облысты көшіру үшін жағдай жасау. Басқаша айтқанда, мекеме өңірдің түрлі салаларында мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға арналған,сондай-ақ Ақмола аймағы бойынша цифрландыру офисі болып табылады.

"Smart Aqmola" жобалық кеңсесі сандық технологияларды пайдалану есебінен мынадай бағыттар бойынша дамудың жаңа траекториясына көшуді қамтамасыз етеді: "Ашық әкімдік", "Smart Денсаулық сақтау", "Smart білім беру", "Smart agro", "Smart көлік", "Smart ТКШ", "Қауіпсіз қала", "инновациялық алаң".

Мысалы, білім беруді цифрландырудың жол картасы шеңберінде балабақшаларға өтініш беруді автоматтандыру жүйесін, электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесін енгізу, 100% компьютерлік және мультимедиялық техникамен жабдықтау және т.б. жоспарлануда.

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру үдерістерді автоматтандыру есебінен жоспарланып отыр. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақмола облысы медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жөніндегі пилоттық жобаға кірді. Кешенді медициналық-ақпараттық жүйе шеңберінде пациенттің электрондық кабинеттері мен электрондық денсаулық паспорттары енгізіледі, онда кез келген пациент онлайн режимінде дәрігердің қабылдауына жазыла алады, талдаудың нәтижелерімен, диагностикалық қызметтермен және оған ыңғайлы кез келген уақытта барлық медициналық жазбалармен таныса алады.

Мобильді қосымшаның арқасында профилактикалық тексерулерден, әр түрлі скринингтерден өту қажеттігі туралы атаулы хабарламалар мен ескертулер, салауатты өмір салтын жүргізу бойынша ұсыныстар жіберілетін болады, пациенттер дәрігердің қашықтағы кеңестерін ала алады.

Ахуалдық орталық пен "Smart Aqmola" портал платформасының ақпараттық алмасуын ұйымдастыру схемасы Ақмола облысының кез келген тұрғынына туындаған проблемалық мәселелер бойынша ақпарат алуға және өз сұраныстарын жіберуге мүмкіндік береді.

Ақылды аймақты құру мен дамытудың мақсаты — адам өмірінің сапасын, жайлылығын, қауіпсіздігін арттыру, қалалық ортаны абаттандырудың жоғары деңгейі, бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктер жасау, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылын оңайлату. Бұл бюджет шығындарын қысқартуға және мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.