АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ ЖАНЫНДАҒЫ "SMART AQMOLA" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Бізге жазу
Сіз бізге сұрақ қоя аласыз немесе өз пікіріңізді білдіре аласыз

X
logo

Халықтың цифрлық сауаттылығы

logo-aqmola




"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында облыста халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар көзделген. Бағдарлама міндеттерінің бірі – халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2023 жылға қарай 83% - ға дейін арттыру. Қазіргі уақытта халықтың цифрлық сауаттылығының базалық деңгейі республика бойынша 79,6% - ды құрайды. Жыл соңына дейін оны 80% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда. "Цифрлық сауаттылық" термині қарапайым тілмен айта кетсек, адамның күнделікті өмірде және жұмыста ақпараттық технологияларды пайдалана білуі мен іскерлігі. Бұл үшін ағымдағы жылы 17 маусым мен 31 тамыз аралығында еліміздің әр өңірінде халықты оқыту (тегін негізде) ұйымдастырылады.










Базалық цифрлық дағдылар Ашық үкімет Электрондық мемлекеттік қызметтер
Электрондық сауда POST.KZ онлайн қызметтерінің гипермаркеті Ақпараттық қауіпсіздік негіздері



Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңына сәйкес цифрлық сауаттылық адамның күнделікті және кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана білуі мен іскерлігі, дегенмен базалық және кәсіби цифрлық дағдыларды қамтиды.

Базовые цифрБазалық цифрлық дағдылар келесі дағдыларды қамтиды:

  1. базалық цифрлық дағдылар, соның ішінде дербес компьютерді, ноутбукті, мобильді құралдарды, Интернетті сенімді пайдалану және деректерді қорғауды қамтитын дағдылар;
  2. «электронды үкімет» және мемлекеттік қызметтерді пайдалану дағдылары, соның ішінде «онлайн» электронды үкімет қызметтерін үйден шықпай-ақ пайдалану дағдылары;
  3. «Ашық үкімет» пайдалану дағдылары, соның ішінде «Ашық үкімет» төрт компонентін пайдалануды қамтитын дағдылар;
  4. «электрондық коммерция» дағдылары, олар «онлайн» тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату және ілгерілету дағдыларын қамтиды.
  5. ақпараттық қауіпсіздік дағдылары, соның ішінде қаржы мəмілелері кезінде жеке деректерді қорғауды, есептегіш құралдарды, Интернет пен қауіпсіздікті қамтитын ақпараттық қауіпсіздік дағдылары.

2 қосымшалы, кәсіби цифрлық дағдылар;

  1. медиа дағдылары - цифрлық құралдарды (цифрлық фотокамералар, бейнекамералар және т.б.) пайдалану дағдылары;
  2. кәсіби цифрлық дағдылары- кәсіптік қызметте бағдарламалық және аппараттық шешімдерді қолдану дағдыларды қамтиды.

Әзірленген оқу бағдарламасы халықты, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын базалық цифрлық дағдылар бойынша оқытуға бағытталған.

Оқу бағдарламасының мақсаты - одан әрі оқыту, жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ алған дағдыларын еңбек қызметінде қолдану үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін қамтамасыз ету.

Курстың мақсаты:

Халықты базалық білімдермен, іскерліктермен және базалық ақпараттық-коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларымен, одан әрі тиімді қолдану үшін ақпаратты іздеу, басқару, сақтау және алуға қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Курстың міндеттері:

Курстың міндеттеріне келесі бөлімдер бойынша білім алу кіреді::

  1. Дербес компьютерлер туралы негізгі мәліметтер. Дербес компьютерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы;
  2. Интернет желісінде жұмыс жасау, бұлтты деректерді сақтау мұрағаттарын пайдалану;
  3. Microsoft Office кеңсе пакеті;
  4. Әлеуметтік инженерия, дербес компьютерлермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік және құпиялылық;
  5. Жұмыс іздеу және кәсіби біліктілікті арттыру үшін цифрлық технологияларды пайдалану.

Курстың қатысушылары:

Курстың қатысушылары 6 жастан жоғары жастағы адамдар санаты, оның ішінде келесі санаттары:

  • көп балалы аналар;
  • қимыл-тірек аппаратының бұзылулары бар мүгедектер;
  • зейнеткерлер;
  • жұмыссыздар және т.б. болып табылады.

Тыңдаушыға қойылатын талаптар:

Курсты оқу нәтижесінде тыңдаушы:

білуі тиіс:

меңгеруі тиіс:

Бағдарлама 4 сағат 45 минутқа (480 минут) есептелген, оның ішінде дәріске - 2 сағат 10 минут (130 минут) және практикалық жұмысқа - 2 сағат 35 минут (155 минут) кіреді.

Тіркеме Көлем Жүктеу

Файл «Базалық цифрлық дағдылар» курсы бойынша семинарының ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

38,1 КБ
Тесттен өту