АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ ЖАНЫНДАҒЫ "SMART AQMOLA" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Бізге жазу
Сіз бізге сұрақ қоя аласыз немесе өз пікіріңізді білдіре аласыз

X

Денсаулық сақтау



«DamuMed» кешендi медициналық ақпараттық жүйесi» — емханалар, амбулаториялық буын дәрiгерлерi, және пациенттер үшiн шешiм. Амбулаториялық-емханалық қызметтiң алдына қойылған мақсаттарына жетуi үшiн қажеттi құрал.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 196 112 пациент алдын ала қабылдауға және диагностикаға жазылды, аурудың алдын ала жазылу үлесi 76,49% құрады.Толтырылған өңiрлiк денсаулық паспорттарының саны 757 657 құрады, тiркелген тұрғындардан қамту 97,3%. 2667 электрондық кiтапханада суреттердiң флюоротекасы (жалпы 5716 суреттiң 46,66%), 29 010 электрондық ауруханалық парақ бар (стационар және амбулаториялық-емханалық ұйымдар деңгейiнде берiлген ауруханалардың жалпы санының 59,31%).

«DamuMed» мобильдi қосымшасы Android платформасында қолжетiмдi: https://play.google.com/store/apps/details?id=ab.damumed&hl=ru и iOS https://apps.apple.com/kz/app/damumed/id1238801709. Ағымдағы уақытта онда жеке кабинетте 153 002 пайдаланушы тiркелген. Пайдаланушылар санын арттыру мақсатында әр амбулаториялық-емханалық ұйымда 24 сандық сауаттылық посты ұйымдастырылды, 512 417 адам сандық сауаттылыққа оқытылды. Пациенттiң жеке кабинетi арқылы қабылдау үшiн 109 581 жазба және үйiне 3 272 шақыру берiлдi.

ЭЭкономикалық тиiмдiлiк-кеңсе тауарларын, қағаз, көшiрме техникасын сатып алуға жұмсалатын шығындарды қысқарту.

Әлеуметтiк әсер-дәрiгерлер мен пациенттердiң уақытын 50% — ға дейiн үнемдеу; дәрiгерге бару уақытын 2 есеге қысқарту; нәтижелердi күту уақытын 2 есеге қысқарту; кәсiптiк тексеру, скрининг кезiнде ауруларды анықтаудың 30% — ға өсуi; алдын ала жазылу үлесiнiң 50% — ға өсуi; тiрi кезектердiң 50% — ға дейiн төмендеуi.